Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы "Жамбыл облыстық онкологиялық диспансері" шаруашылық жүргізу  құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Театральная көшесі №2, Индекс: 080010
Ақпарат алмасу телефоны 46-68-31 
Сенім телефоны 56-96-30, 56-96-33 
E-mail: tar_onko@bk.ru
Адрес:г. Тараз, ул.Театральная №2,ин. 080010
Контактная информация по телефону 46-68-31
Телефон доверия 56-96-30, 56-96-33.
E-mail: tar_onko@bk.ru

Государственное коммунальное  предприятие на праве хозяйственного ведения "Жамбылский областной онкологический диспансер" управления здравоохранения акимата Жамбылской области"

Мемлекеттік рәміздер

Сайт статистикасы

статистика посещений

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

Жамбыл облысы әкімдігінің ресми сайты

Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы

Емдеуге жатқызу бюросы порталында

МӘМС

Мемлекеттік рәміздер туралы

«Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі.

Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын  білдіреді».

Нұрсұлтан Назарбаев

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды (заңның толық мәтіні). Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні

Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.

Музыкасы – композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі – Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі.

Бас дәрігердің блогы

НҰРЖАНОВ АБАЙ ҚҰРАЛБЕКҰЛЫ

Саламатты Қазақстан

ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУ БЮРОСЫ

Жүйеге ену

CAPTCHA
Сіз компьютер емес қоданушы екендігіңізді білдіру үшін, жоғарыдағы ұяшыққа суреттегі әріптер мен сандарды енгізіңіз/
11 + 9 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.

Соңғы қойылған сұрақ

Онкологиялық аурудың қалай алдын-алуға болады?

Жауабын оқу ...