Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы "Жамбыл облыстық онкологиялық диспансері" шаруашылық жүргізу  құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Мекен-жайы: Тараз қ., К.Азербаева көш. №156 Индекс: 080010
Ақпарат алмасу телефоны 52-19-28
Сенім телефоны 56-88-20
E-mail: tar_onko@bk.ru
Вк https://vk.com/id449878381 https://vk.com/public154391841 Инстаграм https://www.instagram.com/onkodispanser_taraz/


Адрес:г. Тараз, ул. К.Азербаева 156 ,ин. 080010
Контактная информация по телефону 52-19-28
Телефон доверия. 56-88-20
E-mail: tar_onko@bk.ru Вк https://vk.com/id449878381 https://vk.com/public154391841 https://www.facebook.com/profile.php?id=100022664344158
Инстаграм https://www.instagram.com/onkodispanser_taraz/

Государственное коммунальное  предприятие на праве хозяйственного ведения "Жамбылский областной онкологический диспансер" управления здравоохранения акимата Жамбылской области"

статистика посещений

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

Жамбыл облысы әкімдігінің ресми сайты

Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы

Емдеуге жатқызу бюросы порталында

МӘМС

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні

Гимн – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Гимн ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады.

Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік гимні екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді.

Республика мемлекеттік егемендігін иеленгеннен кейін, 1992 жылы Қазақстан гимннің музыкасы мен мәтініне байқау жарияланды. Байқау қорытындысы бойынша Қазақ КСР гимннің музыкалық редакциясын сақтау туралы шешім қабылданды. Осылайша тәуелсіз Қазақстанның алғашқы гимннің музыкасының авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди болды. Сонымен қатар, үздік мәтінге жарияланған байқауда авторлар ұжымы, белгілі ақындар Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева жеңіп шықты.

Елдің дыбыстық рәмізінің танымалдығын арттыру мақсатында 2006 жылы жаңа мемлекеттік гимн қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдап алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әнге мемлекеттік гинм жоғары мәртебесін беру және анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді. Қазақстан Парламенті 2006 жылы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа тиісті түзету енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік гимнді бекітті.

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы,

Ерліктің дастаны,

Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,

Даңқымыз шықты ғой.

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой!

     Қайырмасы:

     Менің елім, менің елім,

     Гүлің болып егілемін,

     Жырың болып төгілемін, елім!

     Туған жерім менің – Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досындай,

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!

      Қайырмасы:

      Менің елім, менің елім,

      Гүлің болып егілемін,

      Жырың болып төгілемін, елім!

      Туған жерім менің – Қазақстаным!

НҰРЖАНОВ АБАЙ ҚҰРАЛБЕКҰЛЫ

Жүйеге ену

CAPTCHA
Сіз компьютер емес қоданушы екендігіңізді білдіру үшін, жоғарыдағы ұяшыққа суреттегі әріптер мен сандарды енгізіңіз/
13 + 4 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.

Latest question

Онкологиялық аурудың қалай алдын-алуға болады?

Жауабын оқу ...